-
Resurrection Life
25 Ал Иса оған: — Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. 26 Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді. Бұған сенесің бе? — деді. Жохан 11: 25-26
-
Cost of Following
24 Бұдан кейін Иса шәкірттеріне мынаны айтты: — Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге дайын болып Менің жолыммен жүрсін! 25 Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады, ал өмірін Мен үшін қиған әркім оған (мәңгі) иелік етеді. 26 Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті (мәңгілік)…
-
Hear and Do
46 Егер сендер айтқандарымды орындамасаңдар, несіне Мені «Мырза, Ие!» дейсіңдер?47 Маған келіп, сөздерімді тыңдап, оларды орындаған әркімнің қандай адамға ұқсас екенін айтып берейін:48 ол жерді терең етіп қазып, іргетасын берік тасқа қалап үй салған адамға ұқсайды. Сел басып, тасыған өзен бұл үйді соққылағанда, оны қозғалта алмайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа қаланған.49 Алайда сөздерімді естісе де, оларды орындамаған кісі…
-
The Narrow Road
13 Тар қақпадан кіріңдер! Тозаққа апаратын қақпа кең, жол да даңғыл. Онымен көп адамдар жүреді. 14 Ал шынайы өмірге апаратын қақпа да, жол да тар. Соны біразы ғана табады. Матай 7: 13-14
-
The Gate to Full Life
9 Мен «есікпін», Менен кіргендер құтқарылады. Олар емін-еркін кіріп-шығып, жайылым табады. 10 Ұры ұрлап, сойып, құрту үшін келеді. Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім. Жохан 10: 9-10
-
Forgiveness to all
46 — Былай деп жазылған ғой: Мәсіх азап шегіп өліп, үшінші күні қайта тірілуге тиіс. 47 Оның атынан Иерусалимнен бастап барлық ұлттарға да теріс жолдан қайтқан адамдардың күнәларын Құдай кешіреді деген Ізгі хабарды жариялау да қажет. 48 Сендер осы жайттарды өз көздеріңмен көрген куәгерлерсіңдер. ЛҰҚА 24: 46-48
-
Scriptures Foretell Messiah
25 Сонда Ол: — Ей, түйсіксіз, жүрегі шеменденген шабандарым-ай! Пайғамбарлардың алдын ала айтқандарының бәріне шын жүректен сенбегенсіңдер! 26 Мәсіх Өзінің салтанатты ұлылығына енуінен бұрын осындай азаптарды көруге тиіс емес пе еді?! — деп, 27 оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді. ЛҰҚА 24: 25-27
-
Do not Worry, Seek the Kingdom
24 Ешкім екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды. Өйткені ол біреуін екіншісінен артық көріп, соған бағышталады, ал екіншісіне немкетті қарайтын болады. Сол сияқты, сендер де Құдайға және байлыққа бірдей бағышталып қызмет ете алмайсыңдар! 25 Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой! 26 Әуеде ұшқан құстарға назар…
-
The Greatest Command: Love
37 — «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!» 38 Бұл — ең ұлы да басты өсиет. 39 Ал екіншісі де сол сияқты маңызды: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» 40 Бүкіл Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбалары осы екі өсиетке негізделген, — деді. Матай 22: 37-40
-
The Way
6 Иса оған: — Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды. Жохан 14:6